USD 443.37
EUR 474.49
RUB 4.83
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Балаларға "өл" деп жазғызатын дәптерге қатысты Білім және Ғылым министрлігі түнсініктеме берді

  • 29.қыркүйек.2021, 14:04,
  • 181

БАҚ пен әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан қазақ тілінде білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған "Менің алтын жазу үлгім" атты жазу дәптерлері "8&8" баспасында жарық көрді, авторы С.В. Трофимова.

Бұл дәптер орта білім беру ұйымдары үшін бекітілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің бекітілген тізбесіне енгізілмеген. Тиісінше, мемлекеттік сараптамадан да өтпеген.


ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес тек оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер ғана сараптамадан өткізіледі. Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз – оқулықты сүйемелдейтін, міндетті талаптарға сәйкес әзірленген әдістемелік нұсқаулық.


Аталған жазу дәптері секілді қосымша оқу басылымдарын, оқулықтарды, дәптерлерді және басқа қосымша материалдарды таңдау құқығы білім беру ұйымдарына берілген.


Мұндай жағдайларды болдырмау үшін жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу мүмкіндігі қаралатын болады.


Айта кету керек, мұндай басылымдар әрқашан ашық сатылымда немесе Интернетте қолжетімді. Қосымша оқулықтар, ертегілер жинақтары, дәптерлер сияқты олар арнайы бекітілмейді. Бекітілген ресми дәптерлер тізімінде мұндай басылым жоқ екеніне тағы да назарларыңызды аударамыз.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.08.2021
25.08.2021
09.08.2021
04.06.2021
05.12.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031