22 қазанда жоғарыда аталған факт бойынша ҚР ҚК 344 бабы 1-бөлігімен (Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін және әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде, деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство атап өткендей, ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Өз кезегінде Алматы халықаралық әуежайы автокөлік жолы мен ұшақ маршруты қиылысында ұшақ әуежай қызметтерінің бірінің көлігімен соғысып қалғанын растады.
Зардап шеккендер жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, әуежайдың баспасөз қызметі ұшақтың FlyJet.kz компаниясына тиесілі екенін растады.
"Ұшақ Бакуден ұшып шығып, Алматы әуежайына 22 қазанда сағат 06:43-те қонған", - деді Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі.