USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық бойынша есеп берілді

  • 28.қазан.2021, 16:44,
  • 190

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Самет Департаментпен соңғы 9 айда атқарылған жұмыстар қорытындыланған баспасөз жиынында мәлімдеді.

Брифингте жыл басынан бері Департаменттің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 73 қылмыс тіркеліп, соның ішінде 55 сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталғанын және бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша 25 қылмыс тіркелгенін жеткізді.


Және анықталған қылмыстардың негізінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 561,1 млн.теңгені құрағандығын, ал оның 336 млн.теңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылғандығын мәлім етті.


Айта кетсек, Агенттікпен бекітілген басым бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау, лауазымды тұлғалар тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласу, облыстық, қалалық және аудандық басшыларға қатысты және де көлеңкелі экономикаға лауазымды тұлғалар тарапынан қамқоршылық жасау деректерін анықтауда бүгінгі күні Түркістан облыстық Департаментінің жедел қызметінің жеке құрамы жүйелі түрде қызмет атқаруда.


Нұрдәулет Ілиясұлы брифинг соңында еліміздің сыбайлас жемқорлықсыз келешегі оның әрбір тұрғынына байланысты екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы Агенттіктің 1424 call орталығына хабарласуға болатынын жеткізді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
26.12.2020
13.08.2020
13.07.2020
06.07.2020
01.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031