Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.
"Агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сегменттегі дәрі-дәрмектердің, медициналық техника мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы - "СК-Фармация" ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды бастады.Талдау барысында компания қызметінің ұйымдастыру-басқару қызметі мен нормативтік-құқықтық базасы жан-жақты зерделенеді. Нәтижелері бойынша оның қызметінің тиімділігін арттыру, ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру, бизнес-процестерді трансформациялау, әкімшілік шығындарды қысқарту, мемлекеттік сатып алуды тиімді ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізіледі", - делінген хабарламада.
Агенттік омпанияның басшылығы мен қызметкерлері тарапынан анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын хабарлады.
Сонымен қатар, Агенттік жұртшылықпен бірлесіп COVID-19-бен күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды тексеріп жатыр.
#гуманитарлықкөмек #жемқорлық #талдау