USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстандық шенеуніктер 37 мектеп салатын ақшаны жеп қойған

  • 06.июля.2020, 17:30,
  • 732

Биыл 6 айдың ішінде мемлекеттік қазынаға желінген 33,2 млрд теңгені қайтарылған.

Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов хабарлады.


Агенттіктің залалды өтеу және бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алу бойынша жұмыстарының алдын алу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады. 


Биылғы жылдың алты айының қорытындысы бойынша тіркелген аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге  өсті. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша өсім 10%-ды құрады. Жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу 22%-ға артты, - дейді Н.Жақсымбетов.

Жарты жылда агенттік қазынаға 33,2 млрд теңгені өтеген. Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен екі есеге артық (15,2 млрд теңге).

Оның айтуынша, соңғы 2,5 жылда бюджетке келтірілген залалдың 91 пайызы қайтарылған (74,6 млрд теңге).

Мысал үшін, бұл қаражатқа 37 мектеп немесе 70 балабақша салуға болады. Мемлекетке келтірілген залалды анықтау, оның жолын кесу және өтеу жөніндегі барлық ауқымды жұмысты Антикордың небәрі 660 жедел қызметкері мен тергеушісі жүзеге асырады. 2,5 жылдың ішінде олардың әрқайсысы орта есеппен 113 млн теңгені өтеді. Егер бұл көрсеткішті жедел-тергеу бөлімшелері офицерлерінің ай сайынғы орташа жалақысымен салыстырсақ, бір қызметкерден 9 есе қаржылық қайтарым аламыз, - дейді департамент басшысы.


#коррупция #ақша #қазақстан #брифинг 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.07.2020
13.02.2020
27.11.2019
24.09.2019
10.10.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930