USD 444.32
EUR 473.33
RUB 4.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мейірімді әйел қарияны асырап алды

  • 21.қазан.2021, 16:15,
  • 157

Әкесінен айырылған келіншек бөтен қарияны туғанындай көреді. Өмір бойы тағдыр тауқыметін тартқан ақсақал қартайған шағында көзі ашылғанын айтады. Жетім қалған немерелерін баққан қарияның тағдыры қалай өзгергені "Пендеміз ғой" бағдарламасында баяндалды.

Тараз тарихы тағы бір қызықты һәм жылы оқиғамен толысты. Төрт немересімен далада қалған Кәрім ақсақалды тәртіп сақшысы Диляфруз Кенжеханова өзінің қолына алып, жылы төсек пен ас-ауқатымен қамтамасыз етіп отыр. Қартайған шағында бөтеннен жылулық көрген ақсақалдың тағдыры өзгеден бөлек.

Кәрім ақсақалдың ұлты – тәжік. Тәжікстанда отбасылы болып, ел қатарлы өмір сүрген. Күндердің күнінде кіші ұлы көршісінің құдығына құлап, қайтыс болады. Үлкен ұлы ер жеткен соң, Қазақстанда жұмыс істеуге кетеді. Араға жылдар салып, әйелі де ауыр науқастан көз жұмады. Жалғыз қалғандықтан, ақсақал Қазақтанға ұлын іздеп келді. Ұлы Тараз қаласында тұрады, отбасылы, баланың әкесі. Дегенмен қарттың қуанышы ұзаққа созылмай, белгісіз себептермен ұлы отбасын тастап, кетіп қалған екен. Тағдырдың тауқыметіне шыдамаған келіні де көп ұзамай өзенге ағып, қайтыс болады.


"Балаларға өзім қамқор болдым. Ол кез жайлы айту қиын. Жалғыз қалдым. Жұмыстан келген соң, тамақ пісіріп, үй шаруаларымен айналысатынмын. Аналары қайтыс болғанда мына екі қыз 7, 8 жаста болатын. Ұлдар ер жетіп қалған. Аналарынсыз балаларға қиын. Оларға өзім қарадым. Жұмыстан шығуға тура келді. Жағдайымыз нашарлап кетті", - дейді ата.


Дегенмен "түн артынан күн бар" дегендей ақсақалдың өмірі жақсы арнаға бұрылды. Балалар қараусыз қалғандықтан, арнайы комиссия кішкентайларды балалар үйіне бермек болады. Комиссия құрамында болған Диляфруз ақсақалдың немерелеріне деген махаббат пен көзіндегі жылулықты көрген соң, оларды өз қолына алуға шешім қабылдайды. Қазір бәрі бір үйде тату-тәтті тұрады.


"Атама бауыр басып қалдым. Ол кісілерді жаныма алмас бұрын, 3 жыл алдын әкем қайтыс болған, мен әкемнің қызы болатынмын. Әке жылулығын аңсадым ба, ол кісіні әкемдей көрдім. Әрине, әкемнің орнын баса алмайды. Дегенмен әкем сияқты кеңес беріп отырады. Бәріміз бір үйде тұрамыз. Маған "қызым" деген сөзінің өзі жетеді", - дейді полиция қызметкері Диляфруз Кенжеханова.


Диляфруз өзінің бес баласын қалай жақсы көрсе, Кәрім атаның немерелерін де дәл солай бауырына басады. Олардың киімдері мен ішіп-жемдері де осы қаршадай қыздың мойнында. Татулық пен сыйластық жарасым тапқан бұл отбасы көпке үлгі сынды.



#қария #асыранды #Тараз #игііс 

скачать dle 12.0
Фото авторы : видеодан кадр
Тағы да оқыңыздар:
17.06.2021
16.11.2020
14.08.2020
14.02.2020
20.01.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930