USD 538.33
EUR 626.99
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Тобылдық полиция қызметкері бұзақыдан ажал құшты

  • 20.қантар.2020, 09:30,
  • 506

Қостанай облысы, Тобыл қаласында жігіт туыстарын өлтірмек болған. Қылмыскерді тоқтатпақ болған полицей қаза тапты.

Бұзақыны ұстау кезінде полицей кеуде тұсына ауыр жарақат алып, қайтыс болған. 


Марқұм тәртіп сақшысы Дархан Базарбаев әріптесі Амангелді Сыздықовпен бірге мекен-жайға алты минутта жеткен. Мас күйде болған 28 жастағы азамат бірге тұрған әпкесінің отбасын өлтіремін деп қорқытқан. Туыстары есікті жауып, полицияға қоңырау шалуға үлгерген. Дархан Сыздықов бұзақыны қарусыздандырған, алайда өзі жарақат алғанын білмей қалған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы 1995 жылғы сержанттың қайтыс болғанын айтқан. Полицейдің төрт айлық баласы қалды. 

"Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Қостанай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері сержант Дархан Базарбаевтың қайғылы өліміне байланысты аза тұтып жатыр", - делінген Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.  



скачать dle 12.0
Фото авторы : Қостанай облыстық ПД
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031