USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елімізде жаңа табиғи қорық пайда болды

  • 14.қазан.2021, 14:31,
  • 149

"Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қорығын және "Бөкейорда "Мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Үкімет қаулысының жобасы дайындалды.

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Казталов аудандары аумағында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қорығы құрылсын, делінген құжатта.


Құжатқа сәйкес қорықтың штат саны 78 адамды құрайды.


Қаулы жобасы 28 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.


Бұған дейін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қорықтың Орал популяциясының киіктерін сақтау үшін құрылатынын хабарлаған болатын.


2021 жылы тұрақты қорғаудың арқасында киіктердің саны 842 мыңға жетті. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін, оның ішінде киіктерді қорғауды "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК жалпы ауданы 123 млн га болатын 12 әкімшілік облыстың аумақтарында жүзеге асырады, онда 430 инспектор және жүріп жылдамдығы жоғары 152 автокөлік жұмылдырылмақ.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.03.2021
02.09.2020
23.08.2019
25.07.2019
24.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031