USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда туристер саны 12 миллион болатыны жоспарлануда

  • 02.қыркүйек.2020, 11:08,
  • 380

Қазақстан 2030 жылға қарай экотуристер санын 12 миллионнан асырмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты


«Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1 қарашаға дейін өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтауға, орман шаруашылығын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған Биологиялық әртүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманың жобасы әзірленеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


«Қазіргі уақытта Қазақстанда 13 ұлттық парк бар. 2019 жылы келушілер саны 1,5 млн адам болды. Бүгінгі күні ұлттық парктерде көлік үшін жабдықталған тұрақтарға, кемпингтерге, жаңа санитарлық кабиналарға аса қажеттілік байқалады. Біз халықаралық тәжірибе негізінде бағдарлар мен соқпақтарды жетілдіруді қарастырудамыз. Осының аясында қазіргі заманғы визит-орталықтар, медициналық пунктер, кемпингтер, этноауылдар және басқаларын құру көзделіп отыр», - деді ол.


«Экотуризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды мүмкіндіктері есептелді. Жеке инвестициялар көлемі 70 млрд теңгеге жетеді. Туристер ағыны 1,5 млн-нан 12 млн-нан астам адамға дейін ұлғаяды. 12 мың қосымша жұмыс орны құрылатын болады», - деді министр.


#турист #экотуризм #этноауыл #ұлттықпарк #қорық


скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
03.06.2020
28.04.2020
04.12.2019
25.09.2019
23.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930