USD 516.01
EUR 582.47
RUB 6.26
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жалған ПТР-тест қолданған азамат сотталды

  • 30.қыркүйек.2021, 10:34,
  • 136

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері жалған ПТР-тестті қолдану фактісін анықтады.

Жалған құжатты Семей қаласының 32 жастағы тұрғыны өзі жұмыс істейтін қаланың кәсіпорындарының біріне көрсету үшін пайдаланған екен.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың шілде айында аталған азамат ақшалай сыйақы беру арқылы белгісіз тұлғалардан қаланың зертханаларының бірінің атынан рәсімделген теріс нәтижесі бар тестті үш рет сатып алған.


ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей, 32 жастағы күдіктінің бұл әрекеттері ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша-көрінеу жалған құжатты пайдалану бойынша сараланды. Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде сот үкімімен ер адамға айыппұл түрінде жаза тағайындалды.


Полиция департаменті жалған құжаттарды қолдан жасағаны және сатқаны үшін ҚР ҚК-нің 385-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Ол бойынша жаза 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
27.07.2021
12.07.2021
27.01.2021
17.12.2020
24.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031