USD 514.94
EUR 583.74
RUB 6.13
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жалған ПТР-анықтама қолданған тараздық әйелге қатысты іс қозғалды

  • 27.июля.2021, 15:50,
  • 343

Таразда медицина қызметкері ПТР-сынамасы бойынша жалған анықтаманы тексеру жүргізбестен берген, - деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті.

Тараз емханаларының бірінің қызметкері ПТР-сынамасының теріс нәтижесі бар анықтаманы іс жүзінде тексеру жүргізбестен берген. 26 жастағы медицина қызметкері көрсетілген қызмет үшін ақша алмағанын, тек бір анықтама бергенін айтты. Алайда бұл ақпарат тергеу барысында тексеріледі.

Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 1-бөлігі ("Жалған құжаттарды, бланкілерді қолдан жасау, дайындау немесе өткізу") бойынша соталды тергеу басталды.

Ал анықтаманы пайдаланған 47 жастағы әйелге қатысты ҚР ҚК-ның 385-бабы 3-бөлігі ("Көрінеу жалған құжатты пайдалану") бойынша іс қозғалған.

Жалған құжат дайындағаны үшін 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, істің мән-жайы тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.



#ПТР #анықтама #қылмыс #іс #тергеу #сот #жаза #коронавирус 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.07.2021
12.07.2021
06.07.2021
17.12.2020
24.10.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930