USD 521.01
EUR 603.43
RUB 6.42
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Керекуде баладан коронавирустың жаңа штаммы анықталды

  • 23.қыркүйек.2021, 13:34,
  • 167

Павлодарда баладан коронавирус инфекциясы мутациясынан туындаған жаңа штамм анықталды.

"Павлодарда бір отбасындағы баладан сараптама алынды. Мұндай жағдайда таңдап бір адамнан сараптама алынады. 2016 жылы туған баладан КВИ-дің нигериялық «ЕТА» штаммы анықталды. Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан", - деді деді Айдар Сейітқазинов.


Басқарма басшысының айтуынша, бұл жағдай тамыз айында болған. Қазір баланың жағдайы жақсы, отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді.


"Ол кезде Алматыға бес сараптама жіберілді. Оның біреуінен нигериялық штамм, үшеуінен "Дельта" штаммы анықталды", - деді Айдар Сейітқазинов.


Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде КВИ жұқтырған 943 адам ауруханада ем қабылдауда. Реанимациялық орындарда 82 адам жатыр. Сондай-ақ бүгінде КВИ анықталған 205 бала бар. 53 бала ауруханада емделуде.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
21.09.2021
28.09.2020
27.08.2020
08.07.2020
09.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930