USD 540.87
EUR 632.01
RUB 6.76
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Наурыз айынан бастап Қазақстанда 2,5 мың баладан коронавирус анықталды

  • 28.қыркүйек.2020, 17:07,
  • 713

Қазақстанда 39 баладан Кавасаки синдромы анықталған. 

"Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрайымы Риза Боранбаеваның айтуынша, балаларда коронавирустық инфекциядан кейін пайда болатын Кавасаки синдромы бойынша жағдай тұрақты. 


"Бүгінде 39 балада осы синдром анықталды оның ішінде балалардың 60 пайызы сауығып, аман-есен ауруханадан шықты, ал 40 пайызы әлі ем алып жатыр. Бұл синдромның клиникалық белгілері - дене қызуының 38 градустан жоғары болуы, ол 24 сағат немесе одан да көп уақытқа созылады, дененің бөртуі, іштің ауыруы, диарея, тыныс алу жүйесінің зақымдануы, жөтел, тыныс алу жеткіліксіздігі, ентігу, жүрек ауруы, конъюнктивит, аяқтың ісінуі.


Үйде емделудің қажеті жоқ, өйткені ол синдром ауыр өтеді, кейде тіпті қарқынды реанимациялық көмекті қажет етуі мүмкін, сондықтан егер осындай белгілер байқалса, учаскелік дәрігерді шақыру керек", - деді Риза Боранбаева.


#коронавирус #індет #Кавасаки #пандемия #дәрігер

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.09.2020
06.09.2020
27.08.2020
21.08.2020
04.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031