USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

"Домбыра" пәні болмайтын болды

  • 26.августа.2021, 11:17,
  • 306

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы "Музыка" пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы түсініктеме берді.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен педагогтердің Тамыз кеңесінде әдістемелік нұсқау хатты түсіндіру кезінде мектептің "Музыка" пәні аясында домбыра тарту курсы бойынша бағдарлама таңдау мүмкіндігі туралы мәселе көтерілді.


Кейбір БАҚ өздерінің ақпараттық материалдарында мектепте "Домбыра тартуды үйрену" атты жаңа пәннің енгізілетінін айтқан. Шын мәнісінде, бұл – бөлек пән емес, 6 сыныптарға оқытылатын "Музыка" пәнінің мазмұны.


Яғни, егер қажетті ресурстар бар болса, осы сынып оқушылары "Музыка" пәнінің мазмұнынан екі нұсқаның бірін таңдай алады: бұрынғы бағдарламамен немесе домбыра тартуды үйрену курсы бойынша оқу.


Бұған дейін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының вице-президенті Алмагүл Мұхамедханова "мектепте балаларға домбыра тарту үйретілетін болады", деген. Ол мұндай пәнді алтыншы сыныптан бастап енгізу керектігін атап өткен. Қазір оқу бағдарламасы сараптамадан өтуде, содан кейін ол барлық білім беру ұйымдарына жолданады, деп еді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
25.08.2021
11.03.2021
20.07.2020
08.07.2019
05.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930