USD 457.21
EUR 534.62
RUB 6.08
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада студент қыздар азық-түлік дүкенінде ұрлық жасады

  • 09.қыркүйек.2021, 11:24,
  • 194

Нұр-Сұлтан қаласындағы бір университеттің 18 және 19 жастағы екі студент қыздың шағын супермаркеттерде ұрлықпен айналысқаны ашылды.

Тергеу барысында анықталғандай, қыздардың бірі сатушының назарын бұрғанда, екінші тауар ұрлаумен айналысқан. Дүкендегі заттарды рюкзакқа салып, тегін алып кетуді әдет қылыпты. Сондағы ұрлайтын заттары негізінен азық-түлік, сусындар мен гигиенаға арналған тауарлар екен.


Олардың екі дүкенде ұрлық жасағаны ашылды, ұрлаған тауарларының жалпы сомасы 50 мың теңгеге жуық.

Полиция ұстаған соң олар ұрлық жасағанын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысты тексеріледі.


Нұр-Сұлтан полиция департаменті дүкен қызметкерлеріне қырағы болуды, күдікті адамдарға назар аударуды және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.



#ұрлық #қылмыс #студент #Елорда #Нұр-Сұлтан #дүкен #азық-түлік

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930