USD 511.37
EUR 583.73
RUB 6.46
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтанда оқушы автоорталықты тонамақ болған

  • 17.қазан.2020, 17:27,
  • 336

Оқушы қыздың қасында 22 жастағы күзетші болған. 

Ведомство мәліметінше, жігіт автоорталықтардың бірінің кеңсесінде қауіпсіздік қызметкері болып жұмыс істеген. Компанияның сейфінде үлкен сома бар екенін білген ол ұрлық жасамақ болған. Жоспарын орындау үшін жігіт өзінің 15 жастағы құрбысын, 11 сынып оқушысын тартқан.

"Күдіктінің ауысымы түскен күні, ол түнде құрбысын жұмысқа шақырған. Таңғы сағат 05.00-де олар балтамен кассаның пластикалық есігін бұзып, бөлмеге кірген. Сол балта арқылы олар металл сейфті де бұзуға тырысқан, бірақ бұл уақытта дабыл соғылды. Кейін олар оқиға болған жерден қашып кетті", - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.


Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екеуі Қоянды ауылы ауданында ұсталды. Жігіт жасаған ісін мойындады. Оның айтуынша, ұрланатын ақшаға олар қарым-қатынас орнату үшін шетелге кетуді жоспарлаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша "Ұрлыққа оқталу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ кәмелетке толмаған қызды қылмыс жасауға тартқаны үшін тергеу жүргізіліп жатыр. 

"Оқушы заңды өкілдеріне берілді", - деп толықтырды ведомстводағылар.




#ұрлық #күзетші #оқушы #нұр-сұлтан #елорда #автоорталық 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30