USD 520.39
EUR 609.58
RUB 6.63
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтөбеде 3 жасар бала тірідей жанып кетті

  • 18.июня.2021, 11:09,
  • 208

Ақтөбе облысында 3 жасар бала аулада тұрған көлік ішінде тірідей жанып кетті. Жанында болған 7 жастағы ағасын өртке оранған автомобильдің ішінен алып шыққанымен, дәрігерлер аман алып қала алмады. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ер бала да есін жимастан түнде аудандық ауруханада мерт болған. Ер балалар отбасындағы төрт баланың ортаншысы мен кенжесі болған,- деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы. 

Айгүл Күштаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:


Қаладан медициналық авиация, құрамында реаниматоог, комбустиолог, травматолог дәрігерлер жіберілді. Барлық қажетті медициналық ем жасалды, бірақ, өкінішке орай көрсетілген емнің нәтижесі болмай, бала қайтыс болды. Тыныс алу жолдары, барлығын күйік шалған.


Қайғылы жағдай Әйтеке би ауданының Еңбек ту ауылында болды. Ағалы-інілі балалар аулада жүрмей тұрған жеңіл көлікте ойнап отырған. Сол сәтте көлік өртенген. Тілсіз жаудың неден шыққанын мамандар анықтап жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмай, бас-көз болуды ескертеді.

Нұрхат Қалдыбаев, облыстық ТЖД басқарма басшысының орынбасары:


Аулада тұрған ескі машина өртенген. Екінші бала біздің қызметкелер келген кезде машинаның сыртында болды. Өзі шыққан немесе туыстары шығарған.




#өрт #көлік #өлім #бүлдіршін #Ақтөбе #қайғы 




скачать dle 12.0
Фото авторы : видеодан кадр
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Шілде 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031