USD 523.86
EUR 544.34
RUB 5.11
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мамандар балалардың коронавирусты жиі жұқтыра бастағанын айтты

  • 27.июля.2021, 18:16,
  • 193

Елордада маусымнан бері балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші өскені байқалады. Балалар көбінесе отбасындағы ересектермен байланыс орнатқаннан кейін вирус жұқтырып жатады. Бұл туралы №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары, инфекционист дәрігер Роза Өтегенова айтты.

"Яғни, егер отбасында ересек адам короновирус жұқтырып, жеңіл түрде аурған болса да, балалар вирус жұқтырады. Бүгінде балалар инфекциялық орталығында 112-ден аса бала емделіп жатыр. Статистика бойынша күніне орта есеппен - 100-120 бала", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, ол "дельта" штамы өте жұқпалы екенін, балалар ересектерде қарағанда оңай әрі тез жұқтыратынын айтты.


"Балаларда ауру симптомсыз басталып клиникалық айқын формаларға дейін созылады. Балалардағы негізгі белгілер - интоксикация, дене қызуының көтерілуі, катараль көріністер. Бастапқыда қарапайым вирус инфекциясынан еш айырмашылығы болмайды. Бірақ, динамикадан кейін түрлі асқыну болып, созылмалы аурулары бар балаларда созылмалы патологиялардың декомпенсациясы басталуы мүмкін. Бұл баланың жағдайының нашарлауына әкеледі", - деді Роза Өтегенова.

Дәрігердің айтуынша, көп нәрсе баланың коронавирус жұқтырғанға дейінгі денсаулығына байланысты. Яғни, егер ол ауруды жұқтырғанға дейін сау болса, ауру оңай түрде өтеді.


"Балалардағы аурудың басты ерекшелігі, ол кез келген кезеңде аяқталуы мүмкін, не тез арада ауыр түрге көшуі де мүмкін. Инкубациялық кезең ересектердегідей 4-тен 14 күнге дейін. Алайда егер балада созылмалы аурулар болса, бұл өзгеруі де мүмкін", - дейді маман.

Ересектердегі сияқты инфекциядан негізгі зақымданатын мүше өкпе. Бірақ жүрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары да зардап шегуі мүмкін. Қатты асқынып кетсе бала шок алып, сепсис дамуы да мүмкін. 


"Бүкіл ата-ананы сақтық шараларын қатаң сақтауға, әсіресе вакцина салдыруға шақырамын. Вакцина алыңыз, өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз! Өйткені, кішкентай балалар өздерінің ауырып қалғанын түсінбей, ауру асқынып кетуі мүмкін", - деп қорытындылады Роза Өтегенова.



#коронавирус #пандемия #балалар #науқас #медицина #вирус 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031