USD 515.18
EUR 570.66
RUB 6.06
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада эпидаухал тұрақталды

  • 11.августа.2021, 12:23,
  • 238

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталды.

"Қазақстанда тіркелген КВИ-дің апталық өсімі 10%құрады. "Дельта" штамның анықталуына байланысты шілдеде аурушаңдықтың өсімі тіркелді, бірақ тамыз айының басынан бастап коронавирус ауруының өсімі баяулап, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы байқалды", - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.


Министр 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирустың таралу индексі 9% -ға - 1,11-ден 1,01-ге дейін төмендегенін атап өтті. Нұр-Сұлтанда көрсеткіші 1-ден төмен болды, Алматыда R саны 19%-ға қысқарды.


"11 тамыздағы жағдай бойынша, жалпы саны жұқпалы ауру науқастарға арналған 55 658 төсек-орын бар, республикамыз бойынша оның 54% науқаспен қамтылған. Жұқпалы аурулар ауруханаларында жан сақтау бөліміндегі төсек-орындардың жалпы саны - 4 969, оның науқасқа толу деңгейі - 45%. Эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдай үшін резервте қосымша 7419 төсек-орын бар", - деді ол.


Цойдың айтуынша, жұқпалы ауру жұқтырған науқастарға арналған төсек-орындардың жоғары деңгейде қамтылу мына өңірлерге тиесілі: Атырау облысы мен Нұр -Сұлтанда - 69%, Ақтөбе облысында - 65%, Алматы мен Жамбыл облыстарында - 63%.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
04.08.2021
03.08.2021
28.07.2021
28.06.2021
22.06.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930