USD 523.17
EUR 550.06
RUB 4.93
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордада коронавирусқа шалдығушылар саны артып келеді

  • 28.июня.2021, 18:47,
  • 231

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа шалдығушылар санына байланысты "қызыл" аймақта қалып келеді. Бұл туралы елорданың бас санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова айтты. 

Елордадағы эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып қала беруде, қала әлі де "қызыл" аймақта. 11 маусымнан бастап қалада тіркелген аурулар санының өсімі байқалады. Өткен аптада тәулігіне тіркелген ауру саны 350-ден 620 жағдайға дейін өсті, сәйкесінше апталық қарқынды көрсеткіш 2,8 есеге өсті, - деді ол әкімдікте өткен брифингте.


Оның айтуынша, өткен аптада сырқаттану деңгейі алдыңғы аптаға қарағанда 65% -ға артқан. Аптаның интенсивті аурушаңдық көрсеткіші 298,2 құрады.

Ересек тұрғындар COVID-19 ауруын жұқтыруға өте бейім келеді. Дегенмен үлкен жастағы науқастардың үлесі 20 жастан 39 жасқа дейін ойысты. Бұл ең белсенді өмір салтын жүргізетін, жұмыс істейтін, үнемі қозғалыстағы адамдар. Тіркелген ауру санының ұлғаюынан бастап, яғни 11 маусымнан бастап аурушаңдықтың жалпы құрылымында осы жас тобындағы науқастардың үлесі 37,3% -дан 40,9% -ға дейін өсті, деп түсіндірді Сарқыт Бейсенова.

#эпидахуал #карантин #коронавирус #пандемия #эпидемия 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.06.2021
13.02.2021
27.11.2020
11.11.2020
25.06.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031