USD 540.78
EUR 618.65
RUB 6.71
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ауруханаларда кейбір өңірлерде орын жетіспеушілігі орын алуы мүмкін - Цой

  • 28.июля.2021, 17:36,
  • 242

Соңғы екі аптада Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны екі есеге артты. Елімізде жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 53% науқастармен қамтылған, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. 

1 шілдемен салыстырғанда елімізде жұқпалы және қарқынды терапия төсек-орындарының науқастармен толу деңгейі үш есеге өскені байқалады. Осыған байланысты төсек-орын сыйымдылығы 1,4 есеге ұлғайтылды. 28 шілдедегі жағдай бойынша елімізде жұқпалы ауруларға арналған төсек-орындардың 53% науқастармен қамтылған, реанимациялық төсек-орын 43% толы. Инфекциялық және қарқынды терапия төсек-орындарының артуы Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстарында байқалады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ОКҚ-дағы брифингіде.


Бірқатар аймақтарда инфекциялық және қарқынды терапия төсек-орындарының жетіспеушілігі орын алуы мүмкін. Тәуекел тобына Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және Ақтөбе, Ақмола және Қызылорда сынды бірқатар облыстар кіреді.


Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі екі еселенген жұмыс көлемімен жұмыс істеп жатыр. Егер өткен жылы аурушаңдық тәулігіне екі мың адамға дейін болса, биылғы шілдеде өсім үш еседен асқан. Емделіп жатқан науқастардың саны да екі есеге артты.


"Бүгінгі күні елімізде 90 мыңға жуық адам ковидке шалдығып, ем алуда, оның 25 мыңға жуығы ауруханаларда, 65 мыңға жуығы амбулаториялық деңгейде ем алуда. Шілденің басымен салыстырғанда ковид науқастардың саны 2,1 есеге өсті. 1000-ға жуық науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп түсіндірді Алексей Цой.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
22.06.2021
15.06.2021
15.06.2021
15.03.2021
09.09.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031