USD 475.25
EUR 505.52
RUB 4.95
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Эпидахуал бойынша оптимистік жағдай орын алуда

  • 03.августа.2021, 09:33,
  • 210

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз-қыркүйек айларында коронавирусқа шалдыққан науқастарды саны болжаммен 250 мыңды құрайтынын айтты. 

"Тамыз-қыркүйектегі эпидемиологиялық жағдайдың болжамына сүйене отырып, біз оптимистік сценарий бойынша алға жылжимыз, ондайда, яғни тамыз-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар болжам бойынша шамамен 250 мың адамды құрайды", - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.


Ол оптимистік сценарийдің одан әрі сақталуы карантиндік шаралар мен халықты вакциналауды ұстанған жағдайда ғана мүмкін болатынын атап өтті.


26 маусымнан бастап Қазақстан "қызыл" аймақта. 1 тамызда барлық облыстар "қызыл" аймаққа енді, ал 3 тамызда Түркістан облысы одан шықты.


3 тамыздағы жағдай бойынша, 102 839 адам коронавирустан емделіп жатыр.


Маусым айында Денсаулық сақтау министрі жазда эпидемиологиялық жағдайдың үш сценарийін ұсынды. Соңғысын Цой тиімдірек деп атады : төрт апталық қатаң карантин жариялау, ондайда тамыздың аяғында күніне 2 500 адам ауруханаға түсетін болады, делініп еді.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қыркүйек 2023    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930