USD 442.05
EUR 474.14
RUB 4.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Жұмысшылардың вакцина салғаны не салмағаны жөнінде қашан тексерілетіні анықталды

  • 10.августа.2021, 18:26,
  • 155

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұмысшылардың еке алған-алмағаны қашан тексеріле бастайтынын айтты.

"Қазақстандықтарды жұмыс орындарында екпе алған-алмағанын тексеру 10 тамызда емес, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады", - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СЭБД баспасөз қызметі тілшімізге.


Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов еске салғандай, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі No32 қаулысына сәйкес, вакциналау мерзімі анықталды: 10 тамызға дейін - бірінші компоненті және 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейтіндер COVID-19 вакцинасының екінші компонентін ( медициналық тұрақты қарсы көрсетілімі барлар және соңғы үш ай ішінде COVID-19 жұқтырғандарды қоспағанда) алып үлгеруі керек.


"Демек, жұмысшыларды вакциналау курсының аяқталуын бақылау тек 1 қыркүйектен бастап жүргізілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұл тексерулерді жүргізу алгоритмін әзірлеу де жоспарлануда", - деді Сәдуақас Байғабылов


Ол тексеру нысаны қызметкерлердің ресми құжаттары болатынын айтты.


"Біз вакциналау төлқұжаттарын немесе вакцинаның бірінші компонентін алғаны жөніндегі куәліктерді тексереміз: медициналық тұрақты қарсы көрсетілімі барлығы немесе соңғы үш ай ішінде COVID-19 -бен ауырып кеткендігі туралы анықтамаларды; екпе алмаған жұмысшылардың ПТР-тест нәтижесі туралы анықтамасын (жеті күнде бір рет)", - деді Сәдуақас Байғабылов

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.08.2021
04.08.2021
04.08.2021
02.08.2021
15.07.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031