"ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі қаулысына сәйкес, COVID-19 вакцинасын алмаған жұмысшыларға күндізгі режимде жұмыс істеуді шектеу (тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар және соңғы үш айда COVID-19 жұқтырған адамдарды қоспағанда) шарасы білім беру және оқыту ұйымдарының, оның ішінде білім беру-дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік кешендердің және басқа да мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты да қолданылады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Министрлік бұл қаулыда мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың ата -аналарына қатысты вакциналау мәселесі көтерілмегенін атап өтті. Балалар балабақшаға шектеусіз бара береді.
Бұған дейін сарапшылар Шығыс Қазақстан облысында COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған ата-аналардың баласын балабақшаларға қабылданудан бас тартуда деген желідегі дақпыртқа түсініктеме берген. Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті де жоққа шығарды.