USD 443.37
EUR 474.49
RUB 4.83
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

ШҚО балабақша мен ата-аналарға қатысты міндетті екпе салу туралы ақпаратқа түсінік жарияланды

  • 04.августа.2021, 14:29,
  • 718

Желі қолданушылары Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы COVID-19-ға қарсы егілмеген балаларды балабақшаларға қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарламаны қызу талқылап жатыр. 

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналары COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған балаларды балабақшаларға қабылдамайды деген қауесетті жоққа шығарды.


"ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылдың 14 шілдедегі №32 "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысында мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын балалардың ата-аналарын вакцинациялау туралы мәселе қозғалмайды. Балалар мектепке дейінгі мекемелерге шектеусіз барады", – деп хабарлады ведомстводан.


Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 14 шілдедегі қаулысында соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе COVID-19 ауырғандарды қоспағанда, COVID-19 қарсы вакцина алмаған адамдар күндізгі бөлімде жұмыс істеуге жіберілмейді делінген. Бұл талап білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде оқу-өндірістік комбинаттардың білім беру дамыту және түзету орталықтарының және басқа да мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне де қатысты. Алайда, аталған білім беру мекемелеріне баратын балаларға және олардың ата-аналарына вакцинация туралы талаптар қолданылмайды.


Демек, ҚР Бас санитарлық дәрігері ата-аналардың КВИ-ға қарсы вакцина алмауына байланысты балаларды балабақшаға, мектепке немесе басқа білім беру мекемесіне қабылдаудан бас тартылуы мүмкін деген қаулылар шығарған жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.08.2021
13.07.2021
23.06.2021
30.07.2020
14.07.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031