USD 514.93
EUR 536.04
RUB 5.18
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

15 тамызға дейін екпенің бірінші компонентін міндетту алуы керек ұйымдар

  • 04.августа.2021, 18:17,
  • 155

Қазіргі уақытта елордада КВИ вакцинасының бірінші компонентін 348 мыңнан астам адам алды, ал 261 мыңнан астам азамат толық иммундаудан өтті. Пандемиямен күресте вакцинацияның маңыздылығын елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова онлайн-брифингте айтып өтті.

Нұр-Сұлтан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорданың бас санитарлық дәрігері 15 тамызға дейін жұмыс берушілер өз қызметкерлерін КВИ вакцинасының бірінші компонентін, ал осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін екінші компонентін алып, иммундаудан өткізуі керектігін еске салды.


Бұл халыққа қызмет көрсету нысандары, мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өндіріс, құрылыс нысандары, көтерме және бөлшек сауда, мәдениет және демалыс, жолаушылар тасымалдайтын ұйымдар, қоғамдық тамақтану нысандары, санаторий-курорттық және сауықтыру орындары, денсаулық сақтау, бос уақытты өткізу және т.б. мекемелер қызметкерлеріне қатысты.


Бұл ретте соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19-бен ауырып жазылғандардың екпе алмауына болады.


"Тағы да еске салғым келеді. Вакцинация қазір коронавирустан қорғанудың ең тиімді әдісі болып қала береді. Уақытылы екпе алу арқылы аурудың алдын алуға және ең бастысы оның салдарын болдырмауға көмектеседі. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тәулігіне орташа есеппен 5000-6000 адамға екпе жасалады", - деді Сархат Бейсенова.


Биыл 4 тамыздағы жағдай бойынша елордада 348 113 адам вакцинаның бірінші компонентін, 261 309 адам екінші компонентін алды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
02.08.2021
23.07.2021
08.07.2021
23.06.2021
19.03.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031