"Бүгінде елордада вакцинаның екі түрі бар бар. Олар: Sputnik V және QazVac", - деді ол.
Қаланың бас санитарлық дәрігері елордада күніне 5-6 мың адамға дейін екпе алатынын атап өтті. Бұл, негізінен, 20 мен 59 жас аралығындағы азаматтар.
Барлығы медициналық ұйымдарда 83 вакциналау пункті және қаладағы сауда ойын-сауық орталықтарында сегіз уақытша пункт жұмыс істеп тұр.
Естеріңізге сала кетейік, шілденің басында Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac вакциналарының жоқтығына шағымдана бастады. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамызда қосымша 8 миллион доза вакцина алдыртқалы жатқандарын айтты.