USD 538.12
EUR 627.02
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Еліміз 8 миллион доза екпе алғалы жатыр

  • 03.августа.2021, 18:10,
  • 335

Денсаулық сақтау министрлігі 4 миллион адамға коронавирус инфекциясына қарсы 8 миллион доза вакцина жеткізу туралы келісімшартқа отырды. Бұл туралы ведомство басшысы Алексей Цой үкімет отырысында айтты.

Цойдың айтуынша, халықты вакцинациялау процесі әлі жалғасуда.


"Бүгінгі күні шамамен 9,4 миллион доза вакцина қолданылды, оның ішінде 5 480 094 адам бірінші компонентті алды, бұл халықтың 55,4% құрайды. Екінші компонентті 3 941 941 адам немесе ел тұрғындардың 39,8% алды", - деді ол.


Сонымен бірге министр ведомствоның қосымша вакцина алдырту бойынша келісімшартқа отырғандарын айтты.


"Министрлік 4 миллион адамға 8 миллион қосымша доза алдырту туралы келісімшарттарға қол қойды. Тасымал кестеге сәйкес жүргізіледі. Осы жағынан алғанда, республикамызда халықтың вакцинаға қолжетімділігі жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген", - деді Цой.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
14.06.2021
13.05.2021
26.04.2021
15.03.2021
09.02.2021
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031