1 ақпан мен 25 сәуір аралығында қалада барлығы 161 953 адамға вакцина салынды, - деп хабарлады Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгіндері 209 медициналық бекетте құрамында 1 201 ақ халаттылар бар 303 екпе бригадасы жұмыс істеп жатыр.
25 сәуірде QazVac отандық вакцинасының алғашқы траншы алынды, жалпы мөлшері - 6000 доза (1 және 2 компоненттер).
25 сәуірде қалада коронавирус инфекциясының 693 жағдайы тіркелді, оның 600-і - белгісі барлар, 93-і - ауру белгісі білінбейтіндер.
Қаланың жұқпалы аурулар ауруханаларында 4 044 адам жатыр. Оның 114-і - балалар.
Аурудың таралу деңгейі бойынша Алматы әлі "қызыл" аймақта қалып отыр.
#вакцина #екпе #коронавирус #пандемия #Алматы