USD 523.86
EUR 544.34
RUB 5.11
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қарағандыда құрылысына 1,5 миллиард теңге жұмсалған мектеп балаларға қауіп төндіруде

  • 22.июля.2021, 12:10,
  • 649

Қарағандыда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп қирай бастады. Ғимарат қисайып, қабырғалары сөгілген, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметі бойынша, жақында ғана салынған мектепке тіпті жақындауға тыйым салынған.

Нысан құрылысына 1,5 миллиард теңге жұмсалған. Тегін қайта жөндеудің кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін ғимараттың іргесі сөгіліп, қисайып, бетонның қорғаныш қабаты құлап қалған.

"Ғимараттың шатыры қауіпті жағдайда. Онда спорт залы, акт залы, сыныптар және жатын корпус бар. Ол қисайып кетті. Балалардың және барлық қызметкердің өміріне қауіп төндіреді", - деді Қарағанды облысы білім басқармасының бас маманы Людмила Гавриленко.

Құрылысшыларға айыппұл салу жоспарланған, өйткені заң бойынша оларды жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттей алмайды.

Мектеп басшылығы 100 оқушы мен 113 мұғалімге арналған жаңа ғимарат іздеп жатыр.





#мектеп #құрылыс #Қарағанды #қауіп #оқушылар 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
19.03.2021
13.11.2020
05.09.2020
19.11.2019
22.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Желтоқсан 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031