USD 441.41
EUR 477.78
RUB 4.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Мемлекет басшы да құрбандық шалды

  • 21.июля.2021, 13:04,
  • 154

20 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын діни мейрамымен құттықтап, өзі де құрбандық шалдырды.

Пандемия жағдайына байланысты елорда мен бірқатар өңірде Айт намазы оқылмады. Соған байланысы құрбандық шалу рәсімі де екінші жыл қатарынан онлайн өтіп отыр. Мұсылманның басты мейрамы – Құрбан айт биыл да біраз өңірде Айт намазынсыз басталды. "Қызыл" аймаққа кіретін өңірлерде, оның ішінде елорда мен Алматы, Шымкент қалаларында Айт намазы оқылмады. Еліміздегі мұсылман қауымын ұлық мейрамымен құттықтаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі де алғашқылардың бірі болып онлайн тапсырыс беріп, құрбандық шалдырды.


Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:


- Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Салт-дәстүрімізбен берік ұштасқан ата дініміз елдің рухани тұтастығын сақтауға ықпал ететін басты құндылықтың бірі. Құрбан айт қашанда барша жұртты береке-бірлікке үндейді. Ел азаматтарын бауырмал болуға шақырып, бүкіл халқымыздың ырыс-ынтымағын арттырады. Шалған құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!


Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы құрбандық шалынатын орындардың жұмысымен танысып, қазіргі індетке байланысты санитарлық талаптар мен шариғат ережелерінің сақталуына өзі көз жеткізіп шықты. Әрі онлайн тапсырыс арқылы сойылайын деп жатқан малға бата қылды.


- Жаратушы Раббым Алла тағала Құрбан айтты құтты, берекелі ет. Халқымыздың ниетін, тілегін, құрбандықтарын қабыл ет. Аллаһу әкбар!


Бүгінге дейінгі мәлімет бойынша елімізде құрбандық етін алуға 7 мыңнан астам өтініш түскен. Ал мал союға тапсырыс бергендер саны 2 жарым мыңнан асады.


Наурызбай қажы Тағанұлы, бас мүфти:


- Арнайы ҚМДБ орталығынан штаб құрылды. Сол штабта жұмыс жасалады. Бүкіл республика тапсырыстар қабылданады. Ол өңірлерге бөлінеді. Өңірлерде арнайы штабтың өкілдіктері бар. Тапсырыстарды қабылдайды. Тізім бекітіп, оны қасапханаларға бөліп жібереді. Сойылатын құрбандық малы шариғат талаптарына сай таңдап алынған.


Қасапшылар да құрбандық малын қалай шалу керектігі жөнінде арнайы курстан өткен. Елорда бойынша бүгінге дейін 700 адам онлайн-құрбандық шалуға тапсырыс берген. Ал біз тұрған жер қаладағы онлайн-құрбандық шалуға арнайы бөлінген төрт орынның бірі. Қазірдің өзінде мұнда жүзге тарта қойдың еті таратылып жатыр. Мұндағы арнайы курстан өткен қасапшылар таңнан бері жұмысына қызу кіріскен. Ал ет қалай таратылады және кімге жіберіледі?


Асылбек Көкенайұлы:


- Қой сойылады, төртке бөлінеді, төрт пакетке салынады да, содан жетім-жесір, жағдайы жоқ адамдарға таратылып беріледі. Жамбас бір бөлек, қол еті бір бөлек, төртке солай бөлінеді.


Дегенмен мал базарынан өз бетімен әкетіп жатқандар да аз емес. Көбі сол жерде сойдырып алады. Базардағылардың айтуынша, биыл баға былтырғыдан өскен. Өйткені қойдың бағасы да мұнайға тәуелді дейді саудагерлер.


Дәулет Мырзабеков, мал саудагері:


- Жем-шөп – бәрі қымбат. Біз де мұнайға байланыстымыз, шындап келгенде. Жемі бар, шөбі бар, бәрі солярка, бензин. Жем-шөптің бәрі соған байланысты. Тоқты, бір жастағылар 50 мыңнан 60-70 мың теңгеге дейін барады. Үлкен қойлар 65-тен жоғары қарай. 100 мың, 90 мың, сондай бағада сатылып жатыр.


Бүгін басталған құрбан шалу рәсімі ұлық мейрамның үшінші күні аяқталғанға дейін жалғасады. Діни басқарманың мәлімдеуінше, енді онлайн құрбандық дәстүрі тек айт кезінде ғана емес, жоқ-жітікке қайырым жасағысы келген пенделерге жыл бойы жалғаса береді.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
15.07.2021
02.08.2020
02.08.2020
06.08.2019
05.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031