USD 441.41
EUR 477.78
RUB 4.84
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақтаудағы қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде 3 адам мерт болды

  • 21.июля.2021, 11:38,
  • 146

Ақтауда қатаң тәртіптегі ГМ-172/6 түзеу мекемесіне қарасты жатақхананың қирауына байланысты тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды. Сотталғандарға арналған екі қабатты жатақхана аяқ асты ортасынан опырылып түскен. 

Ғимараттың екі шетіндегі қабырғаларына түк болмаған. Үйінді астында үш адам қайтыс болды. Олардың туыстары оқиғаның мән-жайын білу үшін кешелі бері түзеу мекемесін жағалап жүр.


Зейнеш, сотталғанның туысы:


- Түрмеге әуелде екі аяғымен келді. Соны екі аяғымен шығарып жіберу керек еді ғой. Мерзімі бітетін уақытта. Жөндеу жасалмаған жерге неге адамдарды осылай қояды. Мәйітханада жатқанның біреуі Қызылорданыкі дейді, біреуі Ақтөбенікі, біреуі біздің ініміз.


Қатаң режимдегі түрменің тұрғызылғанына 45 жылға жуықтаған екен. Ғимарат ескі болғандықтан құлап қалуы мүмкін деген болжам да айтылып отыр. Қылмыстық кодекстің 278-бабы 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген сапасыз құрылыс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Нысан құлағанда жатақханада 11 адам болған. Оның сегізі ауруханаға жеткізілген. Төртеуінің жарақаты жеңіл болған соң кері жіберілген. Ал үшеуі травматологияда, біреуі жансақтау бөлімінде. Оның жағдайы мүшкіл. Өздігінен демала алмай ауыр хәлде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.


Айберген Сауырбаев, Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі:


- Қолы сынған, аяғы сынған, миы шайқалған. Өкпесіне қан жиналған. Жансақтау бөлімінде жатыр. Өкпесіне зақым келген. Жарақаттары бар. Ауыр заттаың астында қалған. Қазір травматологияда жатқанның жағдайы қалыпты. Есін біледі. Емін алып жатыр. Жансақтаудағы науқас аппаратқа қосылған.

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Мамыр 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031