USD 511.67
EUR 582.38
RUB 6.53
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Төрт оқушының бірі қайтыс болды

  • 15.желтоқсан.2020, 10:19,
  • 267

Алматы облысында мас жүргізуші қағып кеткен төрт оқушы қыздың бірі Шелек аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 

Суыт хабарды Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Осыған дейін бір апта бойына екі оқушы қыз жансақтау бөлімінде жатқан.


"Тоғыз жастағы науқастың жүрегі тоқтап қалғаны белгілі болды. Тағы біреуі - сегіз жастағы зардап шегуші әлі комада, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайы өте ауыр деп бағаланады. Үшінші оқушы ем-дом алуда. Ал төртіншісі аздап шошып қалған. 54 жастағы жүргізуші қамауға алынды. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", делінген хабарламада.


2 наурызда кешке 54 жастағы УАЗ жүргізушісі мас күйінде жол шетінде тұрған төрт қызды қағып кетті. Жүргізуші айықтырғышқа, ал қыздар ауруханаға жөнелтілді.


"Көлік құралдарын алкогольдік мас күйде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, байқаусызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқиғаны тергеуді жеке бақылауына алды.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
07.09.2020
07.08.2020
23.06.2020
10.06.2020
21.11.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30