USD 485.82
EUR 554.03
RUB 6.24
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Күдікті полиция бөлімінде қайтыс болды

  • 19.қазан.2020, 16:09,
  • 862

Оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. 

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде күдікті қайтыс болды. Азаптау дерегі бойынша іс қозғалды.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер ведомство басшысы Сағат Мәдиев Мақаншыға келгенін айтты. 

"Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы келді.

Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде 33 жастағы ер адамның қайтыс болғаны расталды, ол мал ұрлады деген күдікке ілінген", - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өңірде Сағат Мәдиев бастаған арнайы топ құрылды. Жеке қауіпсіздік басқармасы азаптау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, процессуалдық прокурорлар тобы тағайындалды.

"Барлық мән-жай мұқият тексеріледі. Қажет сараптамалар, соның ішінде, патологиялық сараптама жүргізілді, нәтижелері әзірге дайын емес.

Мен Үржар ауданының әкімімен бірге марқұмның туыстарына барып, оның достары мен жақындарының дәлелдемелерін тыңдап қайттым, олардың сұрағы қарастырылып жатыр. Марқұмның туыстары мен достарына тағы да қайғыра көңіл айтамын. Кінәлілер сөзсіз заңды түрде жазасын алады. Менің ұстанымым - объектив және әділ тергеу", - дейді ШҚО ПД басшысы. 

Одан бөлек, әлеуметтік желіде оқиғаға байланысты болуы мүмкін видео жарияланды. 





#полиция #өлім #қылмыстықіс #шқо #күдікті #теміртор #азаптау 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Маусым 2026    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930