USD 538.03
EUR 629.23
RUB 6.74
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Алматыда зираттар 1-10 мамыр аралығында жабылады

  • 27.сәуір.2021, 17:16,
  • 286

Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабылады. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. 

"Біз жаппай адам жиналатын жерлерді шектеуге тырысамыз. Көп адамдар зираттарға баратынын білеміз. Былтыр жағдай жақсарғанға дейін кейінге қалдыруға тура келген. Биыл жағдай күрделене түседі, өйткені мутацияланған штамдар бар, үнді штаммының таралуы үлкен алаңдаушылық тудырады. Мен қала тұрғындарынан ата-ана күнін неғұрлым қолайлы кезеңге ауыстыруды сұраймын. Зираттар 1-10 мамыр аралығында жұмыс істемейді. Біз дәл осы күндері зираттарға баруды шектеу туралы шешім қабылдаймыз", - деді Бекшин.

Бұған дейін Жандарбек Бекшин қалада локдаун енгізу туралы сұраққа жауап берген болатын. Ол Алматыда коронавирус таралуы пессимистік болжам бойынша жүріп жатқанын да хабарлады. Сондай-ақ, қалада коронавирустың даниялық штамы бар-жоғы тексеріледі.




#зират #мазар #карантин #коронавирус #пандемия 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
Тағы да оқыңыздар:
15.03.2021
15.03.2021
27.01.2021
27.11.2020
27.08.2020
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Тамыз 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031