USD 495.2
EUR 522.34
RUB 4.94
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елордалық мас әйел үш адамды қағып кетті

  • 23.июня.2020, 13:00,
  • 418

Нұр-Сұлтанда көлік тізгіндеген мас әйел үш адамды қағып кетті. Бұл туралы қала полиция департаменті хабарлады. 

22 маусым күні сағат 21.03-де Mazda көлігін жүргізген мас әйел Қосшығұлұлы көшесінің бойымен Бейсеков көшесі жақтан келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Кейін 2001, 2002 жылғы екі қыз бен балаарбадағы екі жасар баланы қағып кетті.


"Зардап шеккендер түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші орта деңгейде мас болған. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 1986 жылғы әйел ұсталып, Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады департамент өкілдері.


Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері зардап шеккендердің жағдайын айтты. 


"22 маусым сағат 21.18-де 103 пультіне көліктің бірнеше адамды қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жол апаты  салдарынан 4 адам зардап шекті: 1990, 2001, 1998 жылғы қыздар және 2018 жылғы бала. 2018 жылғы бала бас жарақатын алған. Ол №2 көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - деді олар.


Баланы нейрохирургия бөліміне ауыстыру жоспарланып отыр. Қалған зардап шеккендер Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жіберілді.





скачать dle 12.0
Фото авторы : sputniknews.kz
Тағы да оқыңыздар:
22.06.2020
21.11.2019
24.09.2019
16.09.2019
04.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930