USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Қазақстанда бір аптада коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

  • 03.қараша.2020, 17:48,
  • 350

Елімізде бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны үш есеге өскен. 

Бұл туралы 2 қарашада премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен  коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында айтылды.

"Осы жылғы 5-18 қазан аралығында елімізде вирус жұқтырған 1272 адам анықталды, 19 қазан мен 1 қараша аралығында – 3352 адам. Тәулігіне 442 адам ауырып қалды. Өсу қарқыны 0,4 пайыз, репродуктивтілік көрсеткіші - 1,4. Инфекциялық төсек орындары 22 пайызға, реанимациялық орындар 18 пайызға жүктелген", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бір ай ішінде сырқаттанушылық деңгейінің ең жоғары өсімі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында байқалғаны айтылады.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 113 309-ға жетті.



#коронавирус #пандемия #эпидемия #індет #ауру #статистика 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930