USD 494.87
EUR 520.65
RUB 4.91
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Елорда әуежайында 39 "қызыл" жолаушы анықталды

  • 17.мамыр.2021, 17:29,
  • 346

Астаналық әуежайда бір аптаның ішінде Ashyq жобасы арқылы 36 "сары" мен 39 "қызыл" жолаушы анықталды. 

"Бір аптада Ashyq қосымшасы арқылы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда 36 "сары" мен 39 "қызыл" жолаушы анықталды. Алгоритмге сәйкес, статусы "қызыл" жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, артынша ауруханаға жеткізілді", - дейді әуежайдың баспасөз қызметі өкілдері.   

12 мамырдан бастап әуежайда Ashyq қосымшасы іске қосылған болатын. Жолаушылар әуежайға келгенге дейін статусын мобильді қосымша арқылы тексеріп алуы керек. 

"Сары" және "қызыл" статусы бар жолаушылар ғимаратқа кіргізілмейді. Рейске өтпеген жағдайда ақшаны қайтару мәселесі бойынша әуе компаниясына жүгіну керек", - деді әуежай өкілдері. 



#әуежай #Нұрсұлтан #Ashyq #карантин #коронавирус 

скачать dle 12.0
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930