Бұл Қазақстанда бірқатар шектеу шараларының енгізілуіне байланысты. Өйткені елімізде 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына шектеу қойылған
Мемлекеттік корпорация қызметкерін үйге шақырту үшін азамат немесе оның қамқоршысы 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қызметке сұраныс қалдыруы керек. Бұдан кейін Азаматтарға арналған үкіметтің мамандары өтініш қалдырушымен байланысып, құжаттардың толықтығын нақтылайды және үйге барып мемлекеттік қызмет көрсетудің күні мен уақытын белгілейді. Айта кететіні, қызметкерлер өтінішті қабылдағаннан кейін қызмет алушыға 7 жұмыс күнінен кешікпей баруы керек.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, биылғы жылдың 7 айында мемлекеттік корпорация қызметкерлері үй-үйге барып 22 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. «Мобильді топты үйге шақыру кезінде халықты құжаттандыру қызметін көші-қон полициясының қызметкерлері жүзеге асыратынын ескеру қажет. Сондықтан, егер жеке куәлікті жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты ауыстыру қажет болса, үйге бару және құжатты дайындау уақытын ескере отырып, өтінішті кем дегенде 2 апта бұрын қалдыруға кеңес береміз», – деп атап өтті Балташева.
#мемлекеттікқызмет #хқко #карантин #құжат #корпорация