17 тамыздан бастап елордадағы барлық ХҚКО дүйсенбі мен жұма күндері сағат 09.00-20.00 (үзіліссіз) аралығында жұмыс істейді. Құжаттама бөлімі (Жеке куәлік және паспорт беру) жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін істейді.
Мамандандырылған ХҚКО (авто ХҚКО) жұмыс күндері және сенбі күні сағат 09.00-18.00 аралығында ашық болады, ал құжатты сағат 09.00-20.00 аралығында береді.
"Карантин кезінде ХҚКО-да қағаз арқылы қызмет көрсету алдын ала жазылу - броньдау арқылы жалғасады. egov.kz порталы, Telegram-бот EgovKzBot2.0, сондай-ақ 1414 телефон нөмірі арқылы кезекке тұруға болады. Еске салайық, жеңілдетілген терезелерден электрон қызмет тек зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және көпбалалы отбасыларға көрсетіледі. ХҚКО-да маска тағу режимі сақталады және келушілер әлеуметтік қашықтықты ұмытпаған жөн", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері.
#хкқо #кесте #карантин #нұр-сұлтан