USD 537.77
EUR 622.95
RUB 6.65
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Оралда ер адам келіншекті жұмыс орнында тепкілеп, пышақтап кетті

  • 10.июня.2021, 16:16,
  • 212

Оралда 37 жастағы ер адам қызғаныштан сүйіктісін тепкілеп, пышақтап тастады. Қазір 36 жастағы жәбірленуші жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. 

Оқыс оқиға бақылау камерасына жазылған. Ер адам дүкенге кіріп, екі сатушы мен кішкентай қызды бұрышқа тақап алып, доқ көрсетіп тұр. Кейін екі әйел де таяқ жеп, шеттегісі бірнеше мәрте пышақталады. Кішкентай қыз анасын қорғап әлек. Бірақ қаскөй оған қарап жатқан жоқ. Ақырында ол оқиға орынан із суытады. Бірақ дүкеннен шыға бергенде тәртіп сақшысының көзіне түсіп, ұсталып қалады.


Ол Ақтөбе қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның жәбірленушімен бірнеше жылдан бері байланысы болып, Оралға жиі келіп жүргені анықталды. Сол күні кезекті мәрте сүйктісін іздеп келген беті екен. Ал тәртіп сақшылары күдіктінің бұл қадамға баруына қызғаныш себеп болған дейді. Қылмыс жасаған кезде мас болыпты. Ғашығын мерт қыла жаздаған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды. Ал жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.



#қылмыс #пышақтады #өлтірді #жаза #Орал 

скачать dle 12.0
Фото авторы : halqym.kz
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қазан 2025    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031