USD 443.85
EUR 474.3
RUB 4.8
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Шарындағы трагедия: балаларды жіберген ата-аналардан жауап алынуда

  • 03.июня.2021, 17:37,
  • 327

Шарын шатқалындағы қайғылы оқиғаға байланысты тергеушілер №199-шы мектепте оқитын оқушылардың ата-аналарынан жауап ала бастады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. 

Олардың ішінде экскурсияға бармағандары да бар. Ал ата-аналар мұғалімдер мен мектеп басшылығының ешқандай кінәсі жоқ деп отыр. Өйткені, балаларды қыдырту туралы идеяны бәрі қыстан бері талқылап, жазғы демалысқа шыққанда ұйымдастырыпты. Нәтижесінде аталмыш білім ордасынан 20 шақты адам аттанған. Оның тең жарымы оқушылар.

Динара Демеубаева, ата-ана:

Оны ата-аналар өздері шешім қабылдап, ата-аналар өздері өздері барамыз деді ғой. Орынды да, автобусты да ата-аналар шешім қабылдаған, мұғалімдердің еш қатысы жоқ. Мұғалімдерді шақырдық бірге барсын деп. Автобус жалдадық, бөлек гид жалдадық.

Айнұр Тәшімова, ата-ана:

Бұл жерге қатысқан да, қатыспаған да ата-аналарды шақырып жатыр. Балалардан да допрос аламыз дегеннен кейін арыз жазып жатырмыз. Біз балаларымызға бермейміз арыз деп, допрос жасауға рұқсат бермейміз деп.

Осы қайғылы оқиға қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалған. Еске сала кетейін, 29 мамырда Алматы облысының аумағыдағы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде нөсер жаңбыр салдарынан сел жүріп, экскурсияда жүрген мектеп мұғалімі мен оқушы опат болған еді. Ал, із-түссіз кеткен 10 жастағы қыз аман-есен табылды. Жарақат алып ауруханаға жеткізілген 6 адамның қазір үшеуі ауруханада жатыр. Дәрігерлер жағдайлары тұрақты, тиісті ем-домдарын алып жатқанын айтады.



#Шарын #шатқал #трагедия #өлім #ата-аналар #жауап 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
06.03.2021
25.09.2020
19.09.2019
25.07.2019
03.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Сәуір 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930