Қазақстан газға ең арзан баға белгілеп отырған елдің бірі. Сондықтан көгілдір отын құны төмен болған сайын, ысырапшылдық та тоқтам болмай отыр. Елде 2010 жылдан бері ішкі нарықтағы табиғи газды пайдадану көлемі өсе түскен. Газ кәсіпорынның мамандары көгілдір отынды тұтыну 91%-ға жеткенін айтады. Тиісінше елде үнемшілдік мәдениеті мен газға деген жанашырлық таптырмайтын қасиетке айналып барады. Мемлекет пен газ саласының негізгі операторы ауылдар мен қалалар, солтүстік облыстар және жаңа өндірістерге газ жеткізу керек дегенді ұрандата жүріп, табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейін біршама көтере алды.
Қалың жұрт газдың игілігін шындап көре бастады. Мұндай жағдайда тұрғындар көмір мен жылыту мауысымында пайланатын сұйық отынға енді қайтадан ауыса қоюы екіталай. Оны тегін берсең де алмайды. Бірақ айналадағы көптеген елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан бағамен жеткізілетін газды ысырап ету белең алды. Айталық, Маңғыстау облысында 1 мың текше метр газдың құны 9 961 теңге, жер үйі бар абонент бір жылда 6 мың текше метр газ жағады. Аймақта жыл он екі ай ауа райы жылы болатынын ескерсек, бұл өте көп. Ал алты ай қыс, шыңылтыр аязы бар Қостанай облысында газдың бағасы 135%-ға қымбат. Мұнда 1 мыңтекше метр газ 23 405 теңге, яғни 2,5 есеге қымбат дегенсөз. Соған қарамай, мұндағы тұрғын орташа алғанда бір жылда 3,2 мың текше метр ғана газ тұтынады екен. Екі ортада, газдың арзандығынан ысырап көбейіп, әлемдегі ең құнды отынды ауаға жағып жіберу белең алды, дейді мамандар.
Сандарды салыстырсақ, Қазақстанда 1 мың текше метр газ үшін баға $50, ал әлемде газды экспорттау жөнінен бірінші орын алатын Ресей Федерациясында көгілдір отынның 1 мың т.м. $74. Газдың қоры бойынша көшбасында тұрған Ресейде газ бағасы бізге қарағанда 48 пайызға қымбат. Ал осы отынның түрі бойынша қоры көп Өзбекстанда да баға жоғары, дейді мамандар.
Бұл елде қарапайым тұтынушы үшін газ арзан болғанымен заңды тұлғаларға 1 мың текше метрін $94 сатады, біздің елдегі өндіріс ошақтарына беретін бағадан 57 %-ға жоғары болып отыр.
Тұтынушылық деңгейі өте жоғары Қытайда да газ арзан емес. Бізден сегіз есеге қымбат. Қытай компаниялары 1 мың т.м. газды $400 сатады. Бұл деректерді төмендегі кестеден көруге болады.
Пайдалану мерзімі 50-60 жылдан асқан газ құбырларын ауыстыру дер кезінде қолға алынғанда, бүгінгідей жағдайға қалыптаспас па еді?! Кеңес заманының сарқыншағы саналатын бірнеше мыңдаған шақырым газ магистарльдарынжамап-жасқаумен күн өтіп жатыр.
Ұлттық оператор - «ҚазТрансГаз» компаниясы жыл сайын экспортқа жөнелтілетін газдан түсетін милиардтаған теңге қаржыны ішкі нарықтағы тұтыну бағасын арзандатуға субсидиялайды. Мұндай жағдайда газ желілерін жаңарту мүмкін бе? Әрине жоқ. Дәл қазір компанияның елдегі ескі магистарльдарға қаражат салуға мүмкіндігі болмай отыр, дейді мамандар.
Ал тәуелсіздік алынған соң, жаңадан салынған магистральдардың ұзындығы 10 мың шақырымнан асады. Жаңа инфрақұрылым күн санап өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, газ пайдаланушылардың қажетін өтеуге, тіпті газды экспортқа жөнелтуге жарап-ақ тұр. Бірақ тозығы жеткен желілер мен тораптарды жөндеуге газ саласына бағытталатаны қаражат жетпей жатыр.
«ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Сүлеймановтың айтқандары дәлел. Білікті менеджер Қазақстан – Қытай, Бейнеу – Бозой – Шымкент бағытындағы жаңа салынған газ магистральдары көгілдір отынды экспорттауға және ішкі нарықты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндігі әбден жетеді деп есептейді. Бірақ бұл елдегі газ желілерінің жалпы жағдайы жақсы дегенді білдірмейді. Жыл өткен сайын газ құбырларының ескіргені ескірген дейді.
Иә, мемлекет өз газымызды Қытай сияқты алпауыттарға сатып, одан түскен қаражатты ішкі нарықтағы газдың бағасын ұстап тұруға бағыттап отыр. Бұл да дұрыс шығар. Алайда қарапайым қазақстандықтар көгілдір отынды ысырап ету арқылы, саланы шығынға батырып отырғанын түсінуі тиіс. Қарапайым арифметикаға салсақ, үйдегі температура 1 градусқа төмендесе, жылу энергиясы шамамен 6%-ға үнемделеді. Ал температураны 24 градустан 20 градусқа дейін түсірсе, жылу 24%-ға үнем болады.
Сарапшы, "PETROLEUM" журналының бас редакторы Олег Червинский газға тарифті түптің түбінде көтеруге тура келеді дейді.
Инвестиция тарту арқылы немесе несие есебінен болса да газ магистарльдарын жаңалауды қолғаалукерек. Бұған әрине тұтынушы бас ауырта қоймайды, ол негізінен мемлекеттің мәселесі. Ал тұтынушы үшін газға бағаны көтеру утопия, дейді маман.
"Мысалы Польшада халықтың едәуір бөлігі барлық әлеуметтік немесе салықтық ауырпашлықытарды қоспағанда қолдарына 600-900 АҚШ доллары көлемінде жалақы алады. Бұлелде 1 мың т.м. газ 499 АҚШ долларынан сатылады. Қазақстанда бұл он есе аз, оныңқұны 45 -50 АҚШ доллары. Бірақ Польшада отбасының табысы белгілі бір деңгейге жетпесе, мемлекет тұрғын үй үшін қала бюджетінен субсидия береді. Ал біздің елде үлкен коттеджі бар ауқатты отбасы да, Алматының шетінде тұратын кедей отбасы үшін де газдың бағасы бірдей. Айналып келгенде бұл айырмашылықты «ҚазТрансГаз» өтеугемәжбүр",- дейді О. Червинский.
Ал қаржыгер әрі экономист Расул Рысмамбетов инфрақұрылымды жаңалау үшін ҚТГ мемлекеттен қарызға болса да қаражат алуы керек деп санайды.
Себебі бұл жерде газдың тарифі, тұтынушылық мәселесі тұр. Ол - әлеуметтік мәселе. Дәл ос күні әлеуметтік мәселені шешуді мемлекет Қазтрансгаздың мойнына іліп қойған. Ендеше Үкімет газ магистарьдарын қайта жаңғыртуға қаражат бөлу арқылы әлеуметтік мәселені де шешеді - дегенді алғатартады.
"«ҚазТрансГаз» сыртқа экспорттаған газдан түсетін қаржыға желілерді ауыстыру емес ішкі нарыққа арзан газ тасмалдауға жұмсап отыр. Ол көгілдір отынды өндірушілерден доллармен сатып алады. Өндірушілер бағаны әлемдік нарыққа бейімдеп, тасымалдаушы кәсіпорынға қымбат бағамен береді. Бұл шарасыздан туған амал. Себебі ертеректе үкімет негізгі табиғи ресуратсар шығаратын шикізат орындарын шетелдіктерге арзан беруге мәжбүр болды. Ал бүгінгідей қоғам жасыл экономика, баламалы энергия көздері мәселесін күн тәртібіне шығарғанда, газ саласына деген талап та өзгерді", - дейді Р.Рысмамбетов.
«Үкімет газбен байланысты инфрақұрылымдық қымбат жобаларды қаржыландыруға қол ұшын созса, қарапайым тұтынушы үшін газ бағасын көтеру» күн тәртібінен өзі-ақ түседі.
Сарапшылардың да айтып отырғаны осы емес пе?! Әйтпесе көне желілер мен тораптарды қайта жаңғыртудың орасан шығынын жалғыз компанияның көтере алмайтыны белгілі.
#газ #тұтынушы #сарапшы #Қазақстан #экономика