USD 498.55
EUR 524.28
RUB 4.75
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Биылдан бастап ШҚО-дан өтетін М-38 тас жолымен жүру тегін емес

  • 12.наурыз.2021, 14:04,
  • 203

ҚХР шекарасынан РФ шекарасына дейін Қазақстанның шығысы арқылы өтетін М-38 жолының барлығы дерлік биыл ақылы болады, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының өкілдері ШҚО-дағы қоғамдық тыңдау барысында.

Ұзындығы 464 км болатын М-38 тас жолының Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі биыл ақылы болады. Павлодар облысында 3, Шығыс Қазақстан облысында 8 бақылау аркасы орнатылып, тесттік режимде іске қосылды.

ШҚО-дағы ақылы учаске Семей мен Шар қалалары, сондай-ақ Аққулы, Бесқарағай және Жарма аудандары арқылы өтетін жолда болады.

Бұған дейін "ҚазАвтоЖол" Павлодар – Омбы (РФ шекарасына дейін) жолы да ақылы болатынын хабарлаған еді. Ақы алудың ашық жүйесі М-38 автожолының барлық учаскесіне енгізілетін болады. Қытай халық республикасы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі жол тегін болып қала береді.

Павлодар – Семей – Қалбатау учаскесі ІІ техникалық санаттағы жолға жатады. Яғни, жүк көліктері үшін ғана ақылы болады.

Жалпы, ШҚО халқы аймақ жолдарына ақылы жүйені енгізуді қолдады. Бірақ, тұрғындар қызметтер мен азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін жергілікті жүк көліктеріне, фермерлер мен коммуналдық қызмет техникаларына жеңілдік қарастыруды сұрады.

Сондай-ақ, ШҚО тұрғындары Павлодар – Семей – Қалбатау жолын 4 қозғалыс жолағына дейін кеңейтуді, бөлу жолақтары мен мал өте алмайтын қоршау орнатуды талап етті.



#жол #ақылы #шекара #ҚХР #Қазақстан 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
01.10.2020
03.09.2020
27.02.2020
08.10.2019
19.09.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930