USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Нұр-Сұлтан: қоғамдық көліктегі жол ақысы өзгермек

  • 27.ақпан.2020, 17:30,
  • 397

Нұр-Сұлтанда кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін автобуста жол жүру ақысы тегін болмақ. Бұл туралы City Transportation Systems басшысы Бекмырза Егенбердинов хабарлады.


"Өздеріз жақсы білесіздер, қазіргі кезде 7-15 жастағы балалар жол жүру ақысының жартысын төлейді. Ал 15 жастан кейінгілер толық төлем жасайды. Бұған дейін балаларға жеңілдік жасау мәселесі талай рет көтерілді. Сондықтан біз 28 наурыздан бастап кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік беруді жөн көрдік", - деді Егенбердинов қоғамдық көлікті дамытуға арналған конференцияда.


18 жасқа дейінгі балалар міндетті түрде жеңілдік картасын алу қажет. Оның бағасы-500 теңге. Кейін оны валидация жасап отыру қажет. Себебі компания жолаушылар тасымалын үнемі бақылап отырады.


Сонымен қатар, CTS компаниясы елордадағы балалармен бірге халықтың қай санатына қоғамдық көлік құны тегін болатынын айтып берді.


"18 жасқа дейін тегін жүру жеңілдігі қала маңайында тұратын балаларға да қатысты. Сосын бұған дейін жеңілдік алып жүрген азаматтар, олардың ішінде ардагерлер, мүгедектер, көпбалалы аналар, жалпы алты топ қала маңындағы маршруттарда ақша төлейтін. Енді 28 наурыздан бастап олардың барлығы тегін жүре алады", - деп атап көрсетті Егенбердинов.

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.01.2020
27.09.2019
23.08.2019
02.08.2019
19.07.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930