USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

Ақылы жолдардың болашағы бар ма?

  • 01.қазан.2020, 17:15,
  • 435

2025 жылға қарай ақылы жолдар 60-72 млрд теңге табыс әкеледі.

2021-2024 жылдар аралығында тағы 5,2 мың шақырымға төлем өндіру жүйесін енгізу бойынша жұмыстары жалғасады. Осылайша 2025 жылға қарай Қазақстандағы ақылы жолдардың ұзындығы 11 мың шақырымды құрамақ.

Пайдаланудың алғашқы жылында, яғни 2021 жылы ақылы жолдардан 25,6 млрд теңге көлемінде қаржы жиналады деп болжануда. Ал 11 мың шақырым жол толық ақылы болғанда, автожолдар жылына 60-72 млрд теңге табыс әкелмек. Бұл сома қазіргі ақылы телімдегі тарифтерді ескеріп есептелген.

Жиналған қаржы учаскелердегі ағымдық жөндеу жұмыстарға, жолдарды күтуге, төлем өндіру жүйесіне қызмет көрсету мен инвесторға төлем жасауға жұмсалады. Демек ақылы жолдар өз шығының өзі өтейді.

Сөйтіп мемлекет бюджетінен қаржыландыруды қажет етпейді.

Айта кетейік, жыл басынан бері "Нұр-Сұлтан-Шортаңды", "Нұр-Сұлтан-Теміртау", "Алматы-Қорғас", "Алматы-Қапшағай" автожолдарынан 4 млрд теңге жиналған.



#ақылыжол #табыс #болашақ #автобан #экономика 

скачать dle 12.0
Тағы да оқыңыздар:
05.09.2020
08.08.2020
30.07.2020
24.09.2019
26.08.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930