«2020 жылы 304 жобаны іске асыруға 113 млрд теңге бөлінді. 4 425 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды әрі реконструкцияланды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша қолжетімділік ауылдарда 87,7 пайызды, қалаларда 97,5 пайызды құрады. Республика бойынша жалпы көрсеткіш 93,1 пайызға (17,5 млн адам) жетті», - делінген ведомство мәліметінде. «Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жалғастыру үшін, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу мен реконструкциялау жүргізілуде. Бағдарламада 2025 жылдың соңына дейін республика халқын толық көлемде сумен жабдықтау қызметтерімен қамту көзделген», - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов. Қазіргі кезде елімізде 1 926 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтамасыз ету қызметтерімен жабдықталмаған. Олардың 838-і халық саны 200-ден кем шағын ауылдар болып саналады. Биыл тұрғындар саны 200-ден астам 793 елді мекенде сумен жабдықтау жүйелерін салу мен реконструкциялау бойынша жұмыстар жалғасатын болады. «Қаражатты ұтымды пайдалану мақсатында халық саны 200-ден кем ауылдарда су тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылатын болады»,-деді. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.
#ауызсу #тіршілікнәрі #тазарту