«Халықты толғандыратын ең басты мәселе – сапалы интернетке қолжетімділікті ұлғайту болып отыр. Еліміздегі 18,7 млн халқымыз 6500-ге жуық елді мекенде тұрады. Солардың ішінен 4 751 елді мекенде түрлі технологиялар бойынша (3G, 4G, оптика-талшық және т.б.) жалпы интернет бар деуге болады. Осылайша еліміздегі 17,5 млн халық интернетпен қамтылған», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Оның айтуынша, интернет сапасын ұлғайту мақсатында екі ауқымды жоба іске асырылады. «Бірінші жоба «Ауылға оптика тарту» деп аталады. Осы жоба аясында 1257 ауылға оптикалық желілер тарту көзделген және 75 млрд теңге сомасында операторлардан инвестиция тартылған. Биыл пандемияға қарамастан 944 ауылға оптика желілерін тартамыз. Әзірге 835 елді мекенге оптика желілері жеткізілген, 3500 мемлекеттік нысанға – мектептер, ауруханалар, әкімдіктерге интернет тартылған. Бірақ интернет те су мен газ тартқандай болады. Мысалы, ауылға жалпы су келсе, оны ауыл ішінде тарату басқа мәселе. Сол секілді оптиканы да ауылға жеткіздік, ал ауыл ішіндегі үйлерге интернет жеткізу мәселесі басқа жоба аясында шешіледі. Осы жоба аясында Sharing келісімшартына қол қойды. Ол дегеніміз барлық үш мобильдік оператор үш құрылғы орнатпай, бір құрылғы арқылы қызмет көрсете алады», - деді Б. Мусин.
#интернет #бағдатмусин #ауыл #онлайн #карантин