«Президент білім беру саласына басымдық берді. Қазір қалада 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 5100 орындық 8 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі», - деді Мұрат Әйтенов Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында. Әкімнің айтуынша адағы 5 жылда 63 882 орындық 85 мектептің құрылысын жүргізу бойынша арнайы жоспар әзірленген. Осының есебінен ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешіледі. «Қашықтықтан оқуды ұйымдастыру мақсатында бүгінге дейін 47 330 компьютер алынды. Осының нәтижесінде жыл басында 28 оқушыға бір компьютерден айналса, қазір 4 оқушыға бір компьютер келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылы мұғалімдер мен тәрбишілердің еңбекақысы 25 пайызға көтерілді. Келесі жылы тағы 25 пайызға көбейеді», - деді ол.
#мектеп #құрылыс #оқуорны #оқушылар #президент