USD 498.34
EUR 519.72
RUB 4.85
«Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте!»
 
RSS лента

LRT құрылысында 1,2 миллиард теңге үнемделді

  • 19.желтоқсан.2019, 15:00,
  • 428

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов есеп беру баспасөз жиынын өткізіп, онда жеңіл рельсті LRT құрылысының жұмыстары туралы түсіндіріп өтті.

"Президент тапсырмасы бойынша LRT құрылысының жобасын айтарлықтай оңтайландыру жұмыстарын жүргіздік. Өздеріңіз білесіздер, осы жобаға байланысты көптеген сын айтылды. Ең басында Қытайдың коммерциялық банкінен 20 жылға несие алынды. Бірақ осы 20 жыл ішінде 800 миллион доллар артығымен төлейтін болдық. Осы себепті, біз ол несиеден бас тартып, ішкі займдарға көштік", - деп түсіндірді Алтай Көлгінов.


Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша қаражатты үнемдеу шамамен 1,2 миллиард долларды құрайтыны белгілі болды. Оның ішінде қарыз бойынша үнемдеу 800 миллион доллардан асады, құрылыс-монтаждау жұмыстарында үнемдеу - 350 миллион доллар. Аялдама станциялары 18-ден 11-ге дейін, ал жылжымалы құрам 19-дан 12-ге дейін қысқартылды.


"Қазір 7 станцияға азайды. Бастапқыда жоба бойынша қозғалыс интервалы 3 минутты құрау керек болатын. Бірақ біз тұрғындар саны мен жүктемені ескердік. Мамандармен кеңесе отырып интервалды 10 минут етуді жөн көрдік. Сол сияқты 7 құрам азайды. Бұл да экономикалық тұрғыда айтарлықтай үнемделді. Бұған қоса жерасты өтпелі жолдар болды. Оларды да қысқардық. Нәтижесінде 350 миллион доллар үнемделді. Ал түптеп келгенде шамамен 1,2 миллиард теңге үнемделді. Көрдіңіздер ме, жобаны қанша көлемде арзандаттық. Жалпы алғанда алдымызда LRT құрылысын аяқтау тапсырмасы тұр. Себебі, жұмыстың біраз бөлігі жүргізілген, инфрақұрылым тұрғызылған", - деді шаһар басшысы.



скачать dle 12.0
Фото авторы : sputniknews.kz
Тағы да оқыңыздар:
30.11.2019
23.10.2019
02.10.2019
19.06.2019
03.06.2019
ПІКІР
02 қантар11:40,
Әлем / Видео
Мысырда бұршақ пен қар жауды   Видео
«    Қараша 2024    »
ДсСССрБсЖмСнЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930